Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

2024 жылғы 2 сәуірде ДСМ МФБК СҚО бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны бақылау және фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы А. Е. Айманова Петропавл қ. Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ  КМК семинар өткізді.  Күн тәртібінде "Darikz" мобильді қосымшасы тақырыбы болды.

Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.

Бұдан бөлек, DariKZ қосымшасының көмегімен пайдаланушылардың ұқсас препараттарға қойылатын бағаларды салыстыра алатынын, дәрінің рецепт арқылы әлде рецептісіз берілетінін тексеруіне, сәйкестік сертификатын тексеруге, сондай-ақ дәрінің өндірушісі, медициналық қолданылуы, сақтау мерзімі туралы және т.б. деректерді білуіне болатынын естеріңізге саламыз.

Қосымшаны iOS және Android платформаларында мобильді қосымшалардан қарауға болады.

Семинар тыңдаушылары талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойылып, Департамент қызметкері түсініктеме берді.

Кеңес алу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің  Департаментіне, Петропавл қ., 2-ші Кирпичная к-сі, 6/1 мекенжайына  50-75-19 телефоны бойынша хабарласуға болады.