Солтүстік Қазақстан облысында тиісті дәріхана практикасы стандартын (GPP) енгізу жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысында тиісті дәріхана практикасы стандартын (GPP) енгізу жалғасуда.

       Наурыз айында Департаменттің фармацевтикалық инспекторлары М.О. Қасенгалиева, А.М. Есембекова, А.Е. Айманова Петропавл қаласында орналасқан "Дәуір фарм" ЖШС дәріханасында GPP стандарттарына сәйкестігіне инспекция жүргізді.

      Тиісті дәріхана практикасы (GPP) - бұл дәріхана ұйымдарында пациенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әзірлеген стандарттар мен ережелер жиынтығы.

     Тиісті дәріхана практикасы (GPP) принциптерін енгізу кезінде дәріхана ұйымына процестерді оңтайландыру және жоғары сапалы қызмет көрсетуге кепілдік беру арқылы айтарлықтай пайда әкеледі.