Косметологтарға барған кезде нені білу керек?

Косметологтарға барған кезде нені білу керек?

Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде адамдардың сертификаты жоқ косметологтардың қолынан қалай зардап шеккені, «трансформация» орнына ауыр жарақат алғаны туралы жаңалықтар жиілеп кетті.

Мұндай косметологиялық орталықтар мен бьюти-салондарда емшара кезінде медициналық манипуляциялар жүзеге асырылады: бет мезотерапиясы, диспорт, ботокс, еріннің контурлық пластикасы, смас-лифтинг, маммопластика, липосакция, блефаропластика, ринопластика, отопластика және т.б. Демек, қызметтің осы түрі медициналық қызметке жатады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 17-бабына және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес медициналық қызмет міндетті лицензиялауға жатады.

Мезотерапия, биоревитализация, ботулинотерапия және басқалары сияқты инъекциялық косметологиялық қызметтерді жүргізу үшін «Дерматовенерология (дерматокосметология)» кіші түрі бойынша, ал пластикалық операциялар жүргізілетін болса, «Пластикалық хирургия» кіші түрі бойынша медициналық қызметке міндетті түрде лицензияның болуы қажет.

Осындай рәсімдерді жүзеге асыратын маманның тиісті медициналық білімі және дерматовенерология (дерматокосметология) немесе пластикалық хирургия мамандығы бойынша маман сертификаты болуы қажет.

Департамент мамандарға барар алдында ұйым мен маманның сіз таңдаған рәсімдерді жүргізуге лицензиясы мен тиісті сертификаты бар екеніне көз жеткізуді қатаң ұсынады.