Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментте 2024 ж. 29 ақпанда мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселесі бойынша кеңес өтті.

Семинарда мемлекеттік қызметшілердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауы және мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулер мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын бұзу, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар мәселелері қозғалды.

Іс шарада Департамент қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша статистикалық деректердің нормалары, мемлекеттік органдардың азаматтар алдында есептілігін, ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктері түсіндірілді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру қыжеттілігі атап өтілді. Осы бағытта мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру қажет.