Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 ж. 15.12-ғы № ҚР ДСМ274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес түлектерге жоғары және орта фармацевтикалық оқу орындары сертификат алуға өтініш берген кезде мамандардың кәсіби даярлығын бағалау нәтижелері қажет.
Барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» порталы (www. elicense.kz) немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алушылар тұрақты негізде 8 (7152) 70-11-51 телефоны бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультациялар алады.