«Баймагамбетова Г.К.» ЖК дәріханаларының инспекциясы сәтті аяқталды: GPP талаптарына сәйкестік сертификаттары берілді.

«Баймагамбетова Г.К.» ЖК дәріханаларының инспекциясы сәтті аяқталды: GPP талаптарына сәйкестік сертификаттары берілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Асар» және «Рахат» дәріханаларының инспекциясын өткізді, оның нәтижелері бойынша 2024 жылғы 20 ақпанда Департамент басшысы Б. Н. Сарымсақов GPP талаптарына сәйкестік сертификаттарын екі дәріханаға салтанатты түрде табыс етті.

Бұл GPP сертификаттары «Асар» және «Рахат» дәріханалары үшін барлық қажетті талаптар мен стандарттарды сақтау бойынша ұзақ қажырлы еңбектің нәтижесі болды. GРP сертификаты олардың клиенттеріне қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін және қамқорлығын қамтамасыз етуге деген ұмтылысын растайды.