Дәрілік заттар және медициналық бұйым айналысы саласындағы бөлшек сауда субъектілерімен саминар-кездесу

Дәрілік заттар және медициналық бұйым айналысы саласындағы бөлшек сауда субъектілерімен саминар-кездесу

     2024 жылы 15 ақпанда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, GхP стандарттарын енгізу, сондай-ақ дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша семинар-кездесу ұйымдастырды, оған фармацевтикалық қызмет субъектілерінің өкілдері қатысты.

     ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Батырхан Сарымсақов кіріспе сөз сөйледі. Кәсіпкерлердің назарына мемлекеттік бақылау түрлерімен қатар бақылау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау ретінде бақылаудың жаңа нысаны енгізілгені туралы хабарлады. Бұл нысан 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі" бақылау және қадағалау нысанының 137-бабының шеңберінде заңға енгізілді.

       Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және GPP стандарттарын міндетті түрде енгізу, сондай-ақ дәріханаларда таңбалауды енгізу және дәрілік заттарды қадағалау бойынша негізгі проблемалық мәселелер талқыланды, презентациялар көрсетілді және үлестірме материалдар ұсынылды.

       Семинар-кездесуге қатысушылар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелеріне және заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру, фармация саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру қажеттілігіне маңызды мән бере отырып, талқылау және пікір алмасу қорытындылары бойынша мынадай ұсынымдар қабылдады:

 

  • нормативтік-құқықтық актілерге енгізу үшін ұсыныстар енгізу.
  • қызмет бағыттары бойынша семинар – кездесулерді жүйелі ету.
  • тауарларды таңбалау және қадағалау АЖ-не белсенді қосылу.
  • 2023-2025 жылдарға арналған бекітілген кестеге сәйкес GхР стандарттарын енгізу.