Сапалы медициналық көмек алу барысында Солтүстік-Қазақстандықтардың құқықтарды қорғау

Сапалы медициналық көмек алу барысында Солтүстік-Қазақстандықтардың құқықтарды қорғау

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Департаментінің (бұдан әрі-Департамент) қызметі медициналық қызмет саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған, себебі бұл денсаулық сақтау жүйесі қызметінің басты өлшемдерінің бірі болып табылады.

2023 жылы Департаментке жеке және заңды тұлғалардан өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметіне 310 өтініш келіп түсті (2022 ж. - 142).

Келіп түскен өтініштерді талдауы 72% - медициналық көмек көрсету сапасына, 12% - медициналық көмекті ұйымдастырудағы кемшіліктерге, 2% - дәрілік заттардың айналымына, 12% - басқаларға көрсетті.

Аурулар профилі бойынша өтініштер құрылымында ең көп пайыз терапевтік профильге келеді - 56% (созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылау, скринингтен өту мәселелері, алғашқы медициналық-санитарлық және стационарлық көмек деңгейінде медициналық көмек көрсету сапасы, клиникалық-зертханалық зерттеулер жүргізу және т.б.), 10% - травматологиялық (тірек-қимыл аппаратының ауруларын диагностикалау, жедел емдеу, оңалту және т.б.), сондай-ақ 7% - педиатриялық, 5% - хирургиялық, 4% - акушерия-гинекология, 2%  - стоматологиялық, 1% - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша өтініштер, 15% -басқалар.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі шеңберінде Департаментпен жоспардан тыс тексерулер жүргізумен 84 өтініш қаралды, оның ішінде 32 немесе 38% тексеру нәтижелері бойынша өтініш берушілердің дәлелдері расталды, ал 39 немесе 46% ішінара расталды, негізсіз өтініштер 29 немесе 16%.

Медициналық қызметтердің сапасын бағалау үшін жоспардан тыс тексеріске Қазақстан Республикасы тәуелсіз сарапшыларының бірыңғай тізілімінде тұрған 128 тәуелсіз сарапшы тартылғанын атап өту қажет.

Департаментпен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жүргізілген тексерістердің нәтижелері бойынша медициналық қызмет саласында жалпы сомасы 1 673 250 теңгеге 36 әкімшілік хаттама жасады.

  • ҚР ӘҚБтК 80-бабының 2-1-бөлігі – 25 (әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын өрескел бұзушылықтар) - 431 250 теңге сомасына;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабы бойынша – 10 (қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы) – 1 207 500 теңге сомасына;
  • ҚР ӘҚБтК 80-бабының 3-бөлігі – 1 (Медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау, медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау оларға немқұрайлы немесе жосықсыз қарау салдарынан, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқтырса) – 34 500 теңге сомасына.

Адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу жөнінде мәселелер туындаған жағдайда Сіз Петропавл қ., 2-і Кирпичный көшесі 6/1 құрылысы мекен жайы бойынша орналасқан немесе Е-өтінішін жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Департаментіне жүгіне аласыз.