
2024 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "Қазақтелеком" АҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық мәселелері бойынша Тeams арқылы онлайн семинар-кеңес өткізді.
Іс-шараға 47 адамнан тұратын мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Өз сөзінде "Қазақтелеком" АҚ өкілдері Гурчинская Людмила мен Карибаева Анара презентацияға сәйкес ақпарат берді.
Семинар-кеңес барысында қатысушылардан өздерін қызықтырған сұрақтар келіп түсті, оларға түсіндірме жауаптар берілді.
Қорытындылай келе, дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық бойынша ақпаратты толық жеткізу және түсіндіру үшін әрбір медициналық ұйыммен "Қазақтелеком" АҚ өкілдерімен бірлесіп семинарлар өткізу кестесін құру туралы шешім қабылданды.