
2024 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті дәріхана қоймаларының өкілдерімен кеңес өткізді. Күн тәртібіне тиісті дистрибьютерлік практика стандартын енгізуге, сондай-ақ дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге байланысты негізгі мәселелерді талқылау кірді.
Кеңес аясында өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі әрбір дәрілік заттың бағыты туралы нақты және сенімді ақпаратты қамтамасыз ететін жаңа технологияларды белсенді енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл кез-келген сұрақтарға ықтимал мәселелерге жедел жауап беруге және нарықтағы контрафактілік дәрі-дәрмектердің алдын алуға мүмкіндік береді.