
Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК ұжымымен семинар-кеңес өткізді.
Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А. Ж. Ибраева қатысушыларды Мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігіндегі Департаменттің қызметі туралы, медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау мәселелеріне қатысты заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы хабардар етті. Департамент қызметкерлері азаматтарды тұрақты негізде қабылдайтынын атап өтті. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету кабинеті ұйымдастырылды. Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрақты негізде телефон арқылы кеңес алады.
«Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру», «клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде қолданылатын негізгі құқықтық актілер туралы айтып берді.
Семинар барысында қатысушылардан клиникалық практикаға жіберу, біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін маман сертификатын алу бөлігінде өздерін қызықтырған сұрақтар келіп түсті, оларға толық жауаптар берілді.
Семинар қорытындысында қатысушылар сөз сөйлеушілерге мазмұнды және пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың өзектілігін атап өтті.