"Денсаулық сақтау саласындағы Менеджер" сертификатын беру

"Денсаулық сақтау саласындағы Менеджер" сертификатын беру

Денсаулық сақтау ұйымының басшысына қойылатын міндетті біліктілік талабы мемлекеттік медициналық ұйымды басқару жөніндегі қызметпен айналысуға арналған үлгілік құжат болып табылатын денсаулық сақтау менеджері куәлігінің болуы болып табылады.

           Денсаулық сақтау саласындағы менеджер мемлекеттік медициналық ұйымды басқаруды жүзеге асыратын бірінші басшы болып табылады.

Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты бес жыл мерзімге беріледі және әр бес жыл сайын расталады.

"Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растау қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-254/2020 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес үміткер денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;

3) қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары кәсіптік білім туралы диплом;

4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжат;

5) "Білім туралы"2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған тәртіппен берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған үміткердің білімі туралы құжаттарды тану туралы құжат;

6) Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілін растайтын құжат;

7) үміткердің білімін бағалаудың оң нәтижесі;

8) аккредиттелген ұйымның дайындығын растау туралы қорытындысы.

Шет тілінде берілген құжаттарға қосымша қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аударманың электрондық көшірмесі ұсынылады.

"Денсаулық сақтау саласындағы Менеджер" сертификатын беру " мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Ұсынылған құжаттарды қарау және үміткердің талаптарға сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты беріледі.

Толығырақ ақпарат алу үшін Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөліміне 8(7152) 70-80-04 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.