
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "Мирный С.А." ЖК дәріханасының инспекциясын өткізді, оның нәтижелері бойынша 2023 жылғы 3 қарашада GPP талаптарына сәйкестігі туралы сертификат табыс етілді.
Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын арттыруды жетілдіру маңызды міндеттердің бірі болып табылады және дәрілік заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қамтамасыз етілуі тиіс, бұған дәрілік заттарды әзірлеудің, өндірудің, көтерме және бөлшек саудада өткізудің тиісті фармацевтикалық практикаларының стандарттарын енгізу арқылы қол жеткізіледі.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде тиісті дәріхана практикасының (GRP) талаптарын сақтауға міндетті ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 233-бабының 2-тармағы).
GRP стандарты дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады және пациенттерге фармацевтикалық көмекті қауіпсіз және тиімді көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған және дәрілік заттарды айналысқа шығаруды, сақтауды, дайындауды, босатуды қоса алғанда, дәріхана практикасының барлық аспектілерін қамтиды.
GPP стандарты барлық процестерді нақты орындау, Халыққа қызмет көрсетуге байланысты фармацевтикалық көмектің сапасын жақсарту, сапасыз өнімдердің, оның ішінде контрафактілік өнімдердің сатылымға түсуін болдырмау, дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалануды оңтайландыруға, дәрі-дәрмектерді қабылдаудағы қателіктер санын азайтуға және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дәрігердің, пациенттің және фармацевттің өзара байланысын қамтамасыз ету үшін қажет, сонымен қатар фармацевтер мен басқа дәріхана қызметкерлерінің кәсіби дамуына ықпал етеді.