Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қағаз лицензияны электрондық форматқа көшіру қызметін жүзеге асыруда.
Осыған байланысты қағаз жеткізгіштегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тасымалдаушыларға Департаментке өтініш беруді ұсынамыз.
Бұл қызметті алу үшін растайтын құжаттармен, атап айтқанда лицензияның көшірмесі және (немесе) лицензияға қосымша құжаттарымен «электрондық үкімет», www.egov.kz, www. elicense.kz. веб-порталы арқылы өтініш беру қажет.
Айта кететін жайт, бұл қызмет үшін лицензиялық алым алынбайды.
Медициналық қызметті лицензиялау мәселелері бойынша 8 (7152)70-80-04 телефон нөмірі бойынша Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөліміне жүгінуге болады.