
2023 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекторы Светлана Николаевна Зайцеваның қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Светлана Николаевна өз сөзінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының новеллалары туралы айтып берді, облыс бойынша және жалпы Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін ұсталғандар мен сотталғандардың статистикасы келтірілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Н.Сарымсақов С. Н. Зайцеваға алғысын білдірді.