«Дәрілік заттардың бағасын реттеу» семинары

«Дәрілік заттардың бағасын реттеу» семинары

2023 жылғы 23 қарашада ДСМ МФБК СҚО бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны бақылау және фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас мамандары К.К. Ибишева және А. Е. Айманова Петропавл қ. «№3 қалалық емхана» ШЖҚ  КМК семинар өткізді.  Күн тәртібінде «Дәрілік заттардың бағасын реттеу» және «Darikz» мобильді қосымшасы тақырыптары болды.

Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп дәрілік заттарды кезең-кезеңімен реттеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны туралы ақпарат жеткізілді.

Бұл процестің негізгі міндеті-дәрі-дәрмектердің тапшылығы мен қол жетімділігін қолайлы бағамен қамтамасыз ету.

Реттеуге жоспарланған препараттарды таңдаудың негізгі критерийлері аурулардың әлеуметтік маңыздылығы және дәрі-дәрмектердің бірнеше өндірушілері мен аналогтарының болуы болды.

2022 - 2023 жылдары -1 кезеңде  - 2551 дәрілік зат. Бұл қарапайым ауруларды емдеуге бағытталған дәрумендер мен дәрі-дәрмектер. 2023 - 2025 жылдары- 2 кезеңде -рецепт  бойынша дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер. 2025-2026 жылдары-3 кезеңде - мемлекеттік реттеуде қалатындарды қоспағанда, қалған препараттар. 2024 жылдың қаңтарынан бастап дәрілік заттардың бағасын реттеудің екінші кезеңіне көшу жоспарлануда.

Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.

Бұдан бөлек, DariKZ қосымшасының көмегімен пайдаланушылардың ұқсас препараттарға қойылатын бағаларды салыстыра алатынын, дәрінің рецепт арқылы әлде рецептісіз берілетінін тексеруіне, сәйкестік сертификатын тексеруге, сондай-ақ дәрінің өндірушісі, медициналық қолданылуы, сақтау мерзімі туралы және т.б. деректерді білуіне болатынын естеріңізге саламыз.

Қосымшаны iOS және Android платформаларында мобильді қосымшалардан қарауға болады.

Семинар тыңдаушылары талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойылып, Департамент қызметкерлері түсініктеме берді.

Кеңес алу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің  Департаментіне, Петропавл қ., 2-ші Кирпичная к-сі, 6/1 мекенжайына  50-75-19 телефоны бойынша хабарласуға болады.