Ашық есік күні

Ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі-Департамент) медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау мәселелері бойынша "Ашық есік күні" өткізілді.

Іс-шараға медициналық қызметті сертификаттау мен лицензиялаудың өзекті мәселелері бар тілек білдірушілер қатысты.

Іс-шара барысында келесі тақырыптар көтерілді:

- клиникалық қызметке жіберу үшін маман сертификатын беру;

- шетел азаматтары үшін сертификаттау жүргізу тәртібі;

- медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары;

- Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларының түлектерінің және шетелде медициналық білім алған адамдардың кәсіби даярлығын бағалау.

Департаменттің медициналық қызметтерді сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.Ж. Ибраева іс-шараға қатысушыларды медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау мәселелеріне қатысты заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы хабардар етіп, Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл болып табылатынын атап өтті.

Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы А. О. Қалиасқарова мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселелерін атап өтіп, сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін маман сертификатын алу үшін құжаттардың толық пакетін ұсыну қажеттігін атап өтті.

Мұндай іс-шараларды Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында, апта сайын өткізеді.

Іс-шара диалог арқылы сындарлы өтті. Қатысушылардан бірқатар сұрақтар келіп түсті, оларға жауаптар берілді. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру және түсіндіру бойынша ақпарат назарға алынды.

Іс-шара соңында, қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды және пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.