
2023 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде СҚО ТЖД өкілдері семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты-мемлекеттік қызметшілердің үй-жайларда электр қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелерін талқылау.
Іс-шара барысында тұрмыстық және жұмыста электр құралдарын пайдалану мәселелері, сондай-ақ өрт кезінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен іс-қимыл ережелері талқыланды.
Өз сөзінде СҚО ТЖД ӨК бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі А.И. Исмағұлов және Петропавл қ. ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Б.Смағұлов өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып берді, өртке қарсы іс-шараларға қатысты жүргізілген шаралар статистикасы келтірілді, өртке қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.
Семинар соңында Департамент қызметкерлеріне қоғамдық орындарда және тұрмыста өрттің алдын алу бойынша жадынамалар табысталды.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Батырхан Нұрлыбекұлы Сарымсақов подполковник А.И. Исмагуловқа, подполковник Д. Б. Смагуловқа мазмұнды баяндамасы үшін алғыс айтып, Департаменттің барлық қызметкерлерін тұрмыста және жұмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.