Ұйымдармен өзара іс-қимылды арттыру туралы

Ұйымдармен өзара іс-қимылды арттыру туралы

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының қабырғасында өзара іс-қимыл шеңберінде қалалық және аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің мамандарымен ZOOM арқылы дәрілік заттар айналымы саласындағы мамандарды сертификаттау мәселелері бойынша кездесу өткізілді. Аталған семинар-кеңеске 80-нен астам адам қатысты.

Аталған семинар аясында ағымдағы жылдың маусым айынан бастап іске қосылған жаңа қызмет бойынша түсініктемелер берілді.

Жоғары фармацевтикалық білімі бар, мамандығы бойынша орта фармацевтикалық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша кемінде 3 жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар, өтініш берілген мамандық бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде кәсіби даярлығын бағаламай (тестілеу) үміткерлерді жіберу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мамандық бойынша еңбек қызметінің үзіліс шарттары 3 жылдан астам (сертификат алу үшін мәлімделген мамандық бойынша кемінде 8 кредит (240 сағат) көлемінде біліктілікті арттырудан және тестілеуден өтеді).

Спикер Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құжаттардың тізбесімен таныстырды:

  1. Өтініш;
  2. Білім туралы құжат;
  3. Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру туралы куәлік (2021 жылға дейін 108 сағат және 2021 жылдан бастап 4 кредит (120 сағат));
  4. Соңғы 5 жылдағы үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау;
  5. Кәсіби даярлықты бағалау нәтижесі;
  6. Еңбек қызметін растайтын құжат.

Сертификаттауға өтініш беру кезінде проблемалық мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Сертификаттау мәселелері, ақпарат алу мәселелері туралы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті» РММ СҚО, Петропавл қ., 2-ші Кирпичная к-сі, 6/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе 70-80-04 телефоны бойынша хабарласуға болады.