
2023 жылғы 5 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК мамандарының қатысуымен семинар өткізді.
Кеңес барысында келесі тақырыптар көтерілді:
- Клиникалық қызметке жіберу үшін маман сертификатын беру;
- Шетел азаматтары үшін сертификаттау жүргізу ережесі;
- Медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары;
- Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларының түлектерінің және шетелде медициналық білім алған адамдардың кәсіби даярлығын бағалау.
Ақпарат презентация-слайдтарды қолдана отырып, қатысушыларға жеткізілді. Іс-шара барысында клиникалық қызметке жіберу үшін маман сертификатын беру мәселелері талқыланды.