
Елдегі мемлекеттік қызметкерлердің рөлі зор. Өйткені, олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асырылатын мемлекет саясатының жолсерігі болып табылады. Мемлекеттік қызметкер-халық үшін және ел игілігі үшін қызмет ететін адам.
Анар Нұрланқызы Қожанова да мемлекеттілікке қызмет ету жолын таңдады, 2021 жылдың қараша айынан бастап «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы болып табылады.
Анар Нұрланқызы, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Степное ауылында дүниеге келген. 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін, 2016 жылы сол университеттің резидентурасын бітірді.
2016 жылдан бастап еңбек жолын «Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД мекемесі» РММ-де инфекционист дәрігері болып бастайды. 2018 жылы ауысуына байланысты «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕО 164/3 мекемесі» РММ-де фтизиатр дәрігері лауазымында жұмысын жалғастырды. 2019-2020 жылдары ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің медициналық қамтамасыз ету бөлімінің дәрігер-инспекторы болып жұмыс істеді. 2020 жылдан 2021 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, әділет капитаны атағын алды.
Анар Нұрланқызы НҚА әзірлеу, облыстың және аудандардың медициналық ұйымдарымен медициналық қызмет мәселелері бойынша семинарлар кеңестер ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысады, мемлекеттік бақылау жүргізуді ұйымдастыру бойынша тұрақты негізде басшылық пен бақылау жүргізеді. Бүгінгі таңда медициналық қызметтің мемлекеттік инспекторы болып табылады.
«Мемлекеттік қызметкер болу – мен үшін зор мәртебе, халыққа қызмет ету – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті», - дейді А.Қожанова.
Оның негізгі жұмыс принциптері-адалдық, жауапкершілік және кәсіби білім.
Жұмыс кезінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының м.а. алғыс хатпен марапаттады.