Тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу туралы

Тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу туралы

2023 жылғы 18 тамызда ҚР ДСМ Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Айыртау аудандық ауруханасының фармацевтикалық қызметкерлерінің, сондай-ақ дәріхана басшыларының қатысуымен «Тиісті дәріхана практикасы» GPP стандартын енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі бөлімінің басшысы С.Т. Рахымжанова кеңесте Тиісті дәріханалық практика стандартын (GPP) енгізу қажеттілігі туралы, GPP стандартын енгізу жағдайы туралы назар аударды, тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидаларын түсіндірді. Сондай-ақ, тиісті дәріхана практикасының стандарттарын енгізу бойынша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша, фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бойынша, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу қағидалары бойынша және фармацевтикалық қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты сұрақтарға жауаптар берілді дәрілік заттардың айналымы саласында.