Медициналық қызметті сертификаттау рәсімі бойынша семинар ұйымдастырылды

Медициналық қызметті сертификаттау рәсімі бойынша семинар ұйымдастырылды

Медициналық қызметті сертификаттау рәсімі бойынша семинар ұйымдастырылды

 

2023 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті медициналық мекемелердің кадр бөлімдерінің қызметкерлерімен онлайн форматта семинар өткізді.

Семинар-кеңес барысында клиникалық қызметке жіберу үшін берілетін  маман сертификатын алу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар көрсетілді.

«Педиатрия», «Жалпы тәжірибе стоматологы» мамандықтары бойынша интернатура және резидентура түлектеріне ерекше көңіл бөлінді.

Ақпарат қатысушыларға тұсаукесерді қолдана отырып жеткізілді.

Маман сертификаты жоқ адамның заңсыз медициналық қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап кеткіміз келеді.