Медицина қызметкерлері күніне орай қызметкерлерді марапаттау

Медицина қызметкерлері күніне орай қызметкерлерді марапаттау

     

 Медицина қызметкерлері күніне орай қызметкерлерді марапаттау

           Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Сарымсақов жалпы жиналыс барысында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Л. Ахметниязованың атынан Медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Анар Нұрланқызы Қожановаға, Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Айгүл Оразбекқызы Қалиаскароваға, фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі бөлімінің басшысы Сания Талғатқызы Рахымжановаға,  фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Ермұрат Ерлесұлы Сурагановқа Медицина қызметкері күніне арналған «Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын» табыстады. 

Сондай-ақ, СҚО Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Е.Ф. Степаненко жұмысқа адал және жауапты көзқарасы үшін медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Айгүл Жеңісқызы Ибраеваны дипломмен марапаттады.