2023 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекторы Зайцева Светлана Николаевнаның қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Светлана Николаевна өз сөзінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының новеллалары туралы айтып берді, облыс бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін ұсталғандар мен сотталғандардың статистикасы келтірілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Сарымсақов Батырхан Нұрлыбекұлы С.Н. Зайцеваға мазмұнды баяндамасы үшін алғыс айтып, Департаменттің барлық қызметкерлерін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға шақырды.