
2023 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Департаментке Медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері келді.
Акцияны өткізу барысында маманды сертификаттау және медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау, жоспардан тыс тексерулер жүргізу, GPP (тиісті дәріхана практикасы) сертификатын алу және медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасына қатысты өтініштер беру мәселелері талқыланды.
Департамент қызметкерлері халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға толық жауап берді.