«2023 жылдың үздік провизоры»

«2023 жылдың үздік провизоры»

2023 жылғы 17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде медицина қызметкері Күнін мерекелеу қарсаңында «2023 жылдың үздік провизоры» байқауы өтті. Конкурсқа кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары фармацевтикалық білімі бар Солтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық ұйымдарының мамандары қатысты. Комиссияға фармацевтика саласының ардагерлері, фармацевтика қауымдастығының өкілдері және Департамент қызметкерлері шақырылды. Байқау бағдарламасына сәйкес әр қатысушы фотосуреті бар түйіндемені, кәсіби қызметі туралы есепті және өз жұмысы туралы бейнероликті ұсынды. Байқауға 4 үміткер қатысты. Барлық қатысушылар жоғары кәсібилікті, стресстік жағдайларда жұмыс істей білуін, халық алдындағы жауапкершілікті көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Гелика ЖШС қоймасының басшысы Ремнёва Альфия  иеленді. Өңірлік конкурстың жеңімпазы республикалық конкурста Солтүстік Қазақстан облысын ұсынады.

Фармацевтер арасында кәсіби шеберлік байқауын өткізу дәстүрі 2002 жылы республикамызда қайта жанданды және кадрлардың өзін-өзі жетілдіруіне ынталандыру болып табылады. Іс-шара фармацевтикалық қызметкерлердің қоғамдағы кәсіби құзыреттілігін тануға, провизор кәсібінің имиджін жақсартуға және беделін арттыруға, денсаулық сақтау ұйымдары мен фармацевтикалық жұртшылықтың сапалы медициналық көмек көрсету және халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді.