Мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы

Мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы

10.05.2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент басшысы Е.Ф. Степаненко ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру туралы» тақырыбында семинар кеңес өткізді.                                        Іс-шара барысында Елена Федоровна «Е-қызмет» платформасы арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің ерекшеліктері туралы, Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесінің жаңа талаптары туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі қашықтықтан жұмыс істеу және икемді жұмыс кестесін реттеу туралы айтты.                                                                           Департамент қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер берілді.