Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

💠 Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 

🔹 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде осы тақырыпта семинар өткізілді.

 

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі ережелер Әдеп кодексінде айқындалған, олар туралы медициналық және фармацевтикалық бақылауның қызметкерлерімен семинарда мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Абзал Оразымбетов хабарлады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық мәселесіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің ұжымымен қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

Абзал Оразамбетов Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралған тәртіптік істер санының төмендеу үрдісін атап өтті. Мәселен, 2021 жылмен салыстырғанда өткен жылы осындай істердің саны 48% - ға төмендеді.

Бақылау шеңберінде мемлекеттік қызмет саласында 14 тексеру жүргізілді, 200-тен астам бұзушылық анықталды, бұзушылықтарды жою туралы 13 нұсқама енгізілді, 100% орындалды.

Барлық қойылған сұрақтарға бас маман толық жауап берді.