Тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу туралы

Тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу туралы

Тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу туралы

 

        2023 жылғы 26 сәуірде ҚР ДСМ Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған "тиісті дәріхана практикасы" GPP стандартын енгізу мәселелері бойынша облыстың медициналық ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен кеңеске қатысты.

 

       Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі бөлімінің басшысы С.Т. Рахымжанова кеңесте облыстың медициналық ұйымдары өкілдерін тиісті дәріханалық практика стандартын енгізу қажеттілігі туралы, GPP стандартын енгізу жағдайына назарларын аударды, тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидаларын түсіндірді.

 

       Департамент қызметкерлері тиісті дәріхана практикаларының стандарттарын енгізу бойынша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша, фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бойынша, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу ережелері бойынша және дәрілік заттар айналымы саласындағы фармацевтикалық қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты сұрақтарға жауап берді.

 

      Дәріханалардың GMP стандарттарына сәйкестігі қоғамдық денсаулықты нығайтуды, сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмектерді ұтымды тұтынуды, минималды жанама әсерлермен максималды терапевтік пайдаға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.