Пациенттерді қолдау қызметі

Пациенттерді қолдау қызметі

Пациенттерді қолдау қызметі

Өтініштерді жедел шешу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық медициналық ұйымдарда пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі (бұдан әрі-қызмет) жұмыс істейді, оның міндеті көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға жүйелі талдау болып табылады.

Қызмет өз құзыреті шегінде пациенттердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, пациенттердің мәселелерін "осында және қазір" қағидаты бойынша жергілікті жерде шешуге бағытталған шараларды қабылдайды, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету және МӘМС ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Егер сіз медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты  мәселелерге тап болсаңыз, Сіз пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге құқылысыз.

Пациенттерді қолдау қызметтерінің барлық ақпараты мен байланыс деректері медициналық ұйымдардың сайттарында орналастырылған.