Отандық өндіруші медициналық бұйымдарды өндіру түрі бойынша фармацевтикалық қызметке лицензия алды

Отандық өндіруші медициналық бұйымдарды өндіру түрі бойынша фармацевтикалық қызметке лицензия алды

 Өткен жылдан бастап "Қазақмедимпорт" ЖШС сәулелендіргіштер мен стерильді эндоскоптар мен басқа да жабдықтарды сақтауға арналған шкафтар өндірісін шығару бойынша өндірістік цехтарды жаңғырту жобасын іске асыруға кірісті. Жоғары сапалы медициналық бұйымдарды өндіру отандық фармацевтикалық өндірушінің басты мақсаты болып табылады.

Жаңғыртудың басты мақсаты-қолданыстағы алаңды кеңейту, қайта құру, сондай-ақ жабдықты жаңарту.

Мұнда 1) адамдар көп жиналатын жерлерде ауаны дезинфекциялауға арналған медициналық бұйымдар шығарылады (ауруханалар және т.б.; 2) стерильді эндоскоптарды сақтауға арналған шкафтар; 3) қақырықты алуға арналған кабиналар.

Фармацевтикалық қызметпен айналысу үшін бірқатар рұқсат беру құжаттары қажет-бұл лицензия және немесе қосымша, эпидемиологиялық маңызы шамалы объектінің қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон, медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон.

2023 жылғы 27-1 наурыз аралығында "Қазақмедимпорт" ЖШС өтініші бойынша Департаменттің фармацевтикалық қызмет саласындағы фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімімен СҚО, Петропавл қ., Әуезов к-сі,264/1 мекенжайы бойынша объектіге шығуға рұқсат беру бақылауы жүргізіліп, кейіннен өндірістік базаға лицензияға қосымша берілді.

Лицензияны және немесе оған қосымшаны алу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық немесе фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне СҚО, Петропавл қ., 2-ші Ктрпичная к-сі, 6/1 мекенжайы бойынша 40-05-07 телефоны бойынша хабарласуға болады