Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын объектілерде тиісті фармацевтикалық практикаларды енгізу туралы

Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын объектілерде тиісті фармацевтикалық практикаларды енгізу туралы

Тиісті дәріханалық практика стандартын (GРP) (бұдан әрі – GРP стандарты) енгізу фармацевтикалық нарық қызметін жетілдірудің жаңа технологиясы болып табылады.

2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 233-бабының 3-тармағына  сәйкес  2023 жылғы 1 қаңтардан бастап дəрілік заттар мен медициналықбұйымдардың айналысы саласындағы дəрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарын сақтауға міндетті екені көрсетілген.

GРP стандарты халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оған дәрілік зат туралы сенімді ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға, рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге және орын алған дәрілік препараттардың жанама әсерлері туралы ақпарат беруге және өзін-өзі емдеуге көмек көрсетуге бағытталған.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 29 дәріхана тиісті дәріхана практикасы бойынша талаптарға сәйкестігі сертификаттарының иелері болып табылады, бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы қолданыстағы дәріханалардың жалпы санының 13%–. құрайды. 2023 жылғы 1 тоқсанда субъектілерден GMP талаптарына сәйкестігін инспекциялауды жүргізуге 4 өтініш түсті. 6 инспекция жүргізілді, объектілердің GMP талаптарына сәйкестігіне 2 Сертификат берілді және жүргізілген инспекция нәтижелері және анықталған сыни ауытқулар бойынша сертификат беруден 2 бас тартылды.

Жалпы МФБКД Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дәріхана ұйымдарының өкілдерімен тұрақты негізде GPP стандартын енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен, Департамент фармацевтикалық қоғам өкілдерімен 4 семинар мен кеңес өткізді, сонымен қатар әлеуметтік желілерде 8 жарияланым орналастырылды.

Тиісті дәріханалық практика стандартын GPP енгізудің барлық мәселесі бойынша МФБКД Солтүстік Қазақстан облысы бойынша, Петропавл қ., 2 – Кірпіш к – сі, 6/1 мекенжайы және 40-05-07 телефоны бойынша хабарласуға болады.