Мемлекеттік корпорацияның бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта оқыту семинарын өткізді

Мемлекеттік корпорацияның бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта оқыту семинарын өткізді

2023 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік корпорацияның бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта оқыту семинарын өткізді.
Кеңес барысында келесі тақырыптар көтерілді:
- Клиникалық қызметке жіберу үшін маман сертификатын беру;
- Шетел азаматтары үшін сертификаттау жүргізу ережесі;
- Медициналық қызметке лицензия беру.
Ақпарат презентация-слайдтарды қолдана отырып, қатысушыларға жеткізілді. Іс-шара барысында клиникалық қызметке жіберу үшін маман сертификатын беру мәселелері талқыланды.