
15.03.2023 жылы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді .
Департаменттің бас маманы-заңгер С. Тасмакинова қызметкерлерді мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қажеттілігі бойынша тұрақты тұрғылықты жерінен тыс іссапарларда және өзге де сапарларда жүріс-тұрысы туралы жадынамамен таныстырды.
Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға А.К. Такеева сыбайлас жемқорлық фактісімен бетпе-бет келген кездегі мінез-құлық қағидалары бойынша хабардар етті, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы айтып берді және өткен жылы СҚО-да тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерін талдаумен таныстырды.
Кеңесте 1424 агенттігінің Call-орталығының жұмысы жарияланды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес алуға болады.