
Есірткіге қарсы коалиция мен дәріхана өкілдері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы
2023 жылғы 15 ақпанында ҚР ДСМ СҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жанындағы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатайдың, СҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Ж. С. Саттарованың, СҚО фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығының директоры Т. И. Анохинаның және СҚО фармацевтикалық қоғамының қатысуымен көтерме және бөлшек сауда желілерін қоса алғанда есірткіге қарсы коалиция мен дәріхана өкілдері арасындағы ынтымақтастық туралы және GXP енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары жастар арасында "дәріханалық нашақорлықтың" таралуы мен қолданылу қаупі туралы фармацевтикалық жұртшылыққа үндеу жасады. Кездесу қорытындысы бойынша ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мен СҚО фармацевтикалық қоғамы арасында тәуелділікті тудыратын дәріханалық препараттардың заңсыз таралуына қарсы күресу үшін күш-жігерді біріктіруде өзара тиімді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Департаменттің фармацевтикалық қызмет саласындағы фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімі басшысының м. а. Е. Е. Сураганов кеңесте тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу жағдайы туралы баяндап, бөлшек дәріхана желісі өкілдерінің назарын GPP стандартын енгізу қажеттілігі туралы және , фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу кезінде жиі кездесетін бұзушылықтарды атап өтті. Департамент қызметкерлері аймақтарды температуралық картаға түсіру, термоконтейнерлерді пайдалану, термометрлермен жұмыс істеу және жоғары температурадан қорғауды талап ететін дәрілік заттарды сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты сұрақтарға жауап берді.