Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда GPP бойынша семинар

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда GPP бойынша семинар

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда GPP бойынша семинар

 

    2023 жылдың 2 ақпанында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда аудандық емхана базасында «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК фармацевттерімен және СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның фармацевтикалық қоғамдастығымен Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Тиісті дәріхана практика (GPP)» стандартын енгізудің ағымдағы жағдайы мәселелері бойынша семинар өткізілді.

    Семинарды аша отырып, Департамент басшысының орынбасары А. К. Такеева семинардың қатысушыларына "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 233-бабының 3-тармағына сәйкес, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарын сақтауға міндетті екендігін хабарлады.

   Департаменттің фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Е. Е. Сурганов тиісті дәріхана практикасы стандартын (GPP) енгізу бойынша түсініктеме берді.

    Семинар барысында дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу объектілерінде тиісті дәріхана практикасы стандартын (GPP) енгізудің және оның маңыздылығына қатысты сұрақтар талқыланды. Семинар аяқталғаннан кейін, Департамент басшысының орынбасары А.К. Такеева семинарға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

   Дәрілік заттардың айналымы саласындағы тиісті фармацевтикалық тәжірибелер бүкіл әлемде дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету жүйесі ретінде танылды.

   Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын енгізу мәселелері, ұлттық инспектораттың PIC/S фармацевтикалық инспекцияларының халықаралық ынтымақтастық жүйесіне кіру мәселелері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың тұжырымдамасында 2026 жылға дейін көзделген.

  СҚО бойынша 31.12.2022 ж. тиісті фармацевтикалық тәжірибелерге сәйкестік сертификаттарының 32 ұстаушысы бар:

  • GPP сертификаты (тиісті дәріхана тәжірибесі) - 27 объект, объектілердің жалпы санынан ұстаушылардың пайызы 9 %;
  • GDP сертификаты (тиісті дистрибьюторлық тәжірибесі) - 5 объект, объектілердің жалпы санынан ұстаушылардың пайызы 20%.