2022 жылғы медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы
мемлекеттік бақылау нәтижелері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) қызметі медициналық және фармацевтикалық қызмет салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған, өйткені бұл денсаулық сақтау жүйесі қызметінің басты өлшем шарттарының бірі болып табылады.
Департамент өз қызметінде жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштеріне жауап береді.
2022 жылы Департаментке барлығы 162 өтініш келіп түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 өтінішке артық. Барлық өтініштердің 147 немесе 91% - ы Медициналық қызметке және 15 немесе 9% - ы фармацевтикалық қызметке тиесілі.
Өтініштер құрылымында ең көп пайыз емдеу, диагностикалаудың сапасына тиесілі және 74% (82) құрайды, екінші орында медициналық көмекті ұйымдастырудағы кемшіліктер – 14% (13), дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысына – 9% (15), аурухана парақтарының үлесі 2% (2), ал этикаға деонтология - 1% (1) тиесілі.
2022 жылы Департамент медициналық қызметтер көрсету (82 тексеру) және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы (69 тексеру) саласында 151 тексеру жүргізді, оның ішінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау – 63 және медициналық қызметтер көрсету саласында тексерудің ерекше тәртібі – 4. Тексеру қорытындысы бойынша 77 ұйғарым берілді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша Департаментпен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 35 әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұдан басқа, құзыреті бойынша шаралар қабылдау үшін Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына, құқық қорғау және сот органдарына, медициналық ұйымдарға 27 материал жіберілді.
Тексерулерді талдау қорытындысы бойынша ең жиі жіберілетін құқық бұзушылықтар анықталып, келесідей сипатта:
- заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет көрсету (маман сертификатының, лицензияның немесе лицензияға қосымшаның болмауы);
- тіс дәрігері стоматологтың өзіне тән емес функцияларды орындауы;
- рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецептісіз сату.
Медициналық қызмет бойынша:
- «жасыл дәліз» қағидатын бұзу бөлігінде онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын сақтамау (бастапқы онкологиялық пациентті маршруттау мерзімдерін бұзу, онкопациентті ұзақ тексеру, онкологтар тарапынан онкологиялық сақтықтың болмауы, аурудың кеш диагностикасы);
- акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын сақтамау (емдеу арасындағы әлсіз сабақтастық. дәрігерлермен және бөлімшелермен, пациенттердің тактикасы мен лечения анықтау бойынша консилиумдар өткізбеу);
- консультация беру үшін медициналық авиацияны және бейінді мамандарды тарту бөлігінде анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек стандартын сақтамау, жағдайдың ауырлығын жете бағаламау;
- пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімінсіз медициналық көмек көрсету;
- диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын сақтамау (амбулаториялық және стационарлық көмек көрсету кезінде толық көлемде аспаптық зерттеулер, консультациялық көмек және консилиумдар (ЭКГ, эхокс, бауыр мен бүйректің УДЗ КТ, МРТ, сондай-ақ бейінді мамандардың консультациясы (окулист, кардиолог, тамырлы хирург және т. б.);
- консультациялық-диагностикалық қызметті ұзақ күту (10 жұмыс күнінен артық);
- аурухана парақтарын негізсіз беру;
- медициналық құжаттаманы сапасыз жүргізу (шаблондық толтыру, толық емес деректер, аурудың толық емес тарихы және т. б.);
- Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ар-намыс кодексін сақтамау.
Фармацевтикалық қызмет бойынша:
- сапасы сәйкестік сертификатымен расталмаған медициналық техниканы қабылдау, сақтау және пайдалану;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көмегі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етпеу;
- жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және өткізу шарттарын бұзу.
Сонымен қатар, 2022 жылы облыстың медициналық ұйымдарына түскен шағымдардың ең көп саны Көп бейінді облыстық ауруханаға, Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына, Көп бейінді облыстық балалар ауруханасына, №3 қалалық емханаға, Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасына, «№48 мекеме» РММ мен «№51 мекеме» РММ-нің медициналық ұйымдарына тиесілі.