
2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Зина Сапуанқызы Байгаскинаның қатысуымен семинар кеңес өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты-мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелерін талқылау.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлықтың, этикалық құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі лауазымдық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар соңында Департамент қызметкерлерімен сауалнама жүргізілді.