Дәрілік заттардың жаңа шекті бағасы

Дәрілік заттардың жаңа шекті бағасы

Қазақстан Республикасында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық ұйымдар арқылы тегін, сондай-ақ жеке фармацевтикалық ұйымдар арқылы ақылы түрде жүзеге асырылады.

ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету "белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы"ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Медициналық ұйымдарға сатып алу Бірыңғай дистрибьютордан жүргізіледі.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 7-бабының 96-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың сауда атауына шекті бағаларды әзірлейді және бекітеді. Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың сауда атауына өндірушінің шекті бағасы жарты жылда бір реттен жиі бекітілмейді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 "дәрілік заттың сауда атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың сауда атауына шекті бағаларды бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді, онда 6715 атау бойынша шекті бағалар реттеледі (бұрын 7256 болған атауы).

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94" дәрілік заттың сауда атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған дәрілік заттың сауда атауына шекті бағаларды бекіту туралы "бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-159 27.12.2022 жылғы бұйрығы, мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде күшіне енеді.

Осылайша, фармацевтикалық ұйымдар осы бұйрықта белгіленген бағадан аспайтын дәрілік заттарды сатуы керек.

Сондай-ақ, халық www.dari.kz. мобильді қосымшасында бекітілген шекті бағамен таныса алады

Фармацевтикалық ұйымдар шекті бағалардың асып кету фактілерін анықтаған жағдайда халық дәріхананың мекенжайын көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне өтініш жіберуге құқылы.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тапсырмасы бойынша Департамент дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасына мониторинг жүргізеді, фармацевтикалық нарық кәсіпкерлерімен дәрілік заттардың бағасын тежеу және дәрілік заттармен уақтылы қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесулер өткізеді.