
2022 жылғы 21 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті медициналық қызметке лицензия беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының басшыларымен және өкілдерімен бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өткізілді.
Кеңес барысында медициналық қызметті лицензиялау және «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру», сондай-ақ «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету туралы сұрақтар жеткізілді.
Бейнеконференция соңында сұрақтар қойылып, талқылау жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Сұрақтар туындаған жағдайда медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі мамандарының байланыстары берілді тел: 70-80-04.