
2022 жылғы 13 желтоқсанда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменттің қызметкерлері Тимирязев аудандық ауруханасында фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шараға Тимирязев аудандық ауруханасының фармацевтері және қызметкерлері Орынбекова А.А., Макарова С.Г., Боровая А.А., Науанова Л.О., Таспаева Г.Д., Омарова Р.К. қатысты.
Мемлекеттік қызметтер көрсету және тиісті дәріханалық практика стандартын енгізу мәселелері бойынша Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік және медициналық бұйымдарға баға мониторингі бөлімінің басшысы Рахымжанова С.Т. және Департаменттің фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Жумагазина Г. Б. сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушыларға барлық қызықты сұрақтарға түсініктемелер берілді.