
2022 жылғы 5 қазанда ҚР ДСМ Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті медициналық ұйымдардың, фармацевтикалық қызмет субъектілерінің және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен және өкілдерімен медициналық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында фармацевтикалық қызметті лицензиялау және медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы, атап айтқанда медициналық қызметке лицензия беру, маман сертификатын, оның ішінде шетелдік маманға беру туралы сұрақтар жеткізілді.
Семинар - кеңес соңында сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен оларды шешу жолдары берілді.
Сұрақтар туындаған жағдайда хабарласуыңызды сұраймыз:
телефон нөмірі бойынша 70-80-04, 40-05-07.
О ЛИЦЕНЗИРОВАНИИ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В СФЕРЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ