Солтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық қызмет саласының субъектілеріне бару

Солтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық қызмет саласының субъектілеріне бару

2022 жылғы 23 қыркүйекте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Б. Н.Сарымсақов және Солтүстік Қазақстан фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығының атқарушы директоры Т. И. Анохина өңірде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген істердің қалай жүріп жатқанын мониторингтеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық қызмет саласының субъектілеріне барды.

Мониторинг аясында Петропавл қаласындағы "Интертич" ЖШС "Сердечная", "Экология және медицина" ЖШС "№7", "ФармЛидер" ЖШС "ЙодЗеленка", "Витайм" ЖШС "Цветная" дәріханалары, сондай-ақ "КФК Медсервис Плюс" ЖШС дәріхана қоймасына барды.

Сапар барысында Департамент басшысы фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлерімен әңгімелесті, халыққа дәрілік заттардың қолжетімділігі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың алуан түрлілігі, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде шекті бағалар туралы НҚА талаптарын сақтау мәселелеріне тоқталды.

Фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері атап өткендей, дәріханалар мен қоймаларда 6 мыңнан астам дәрілік заттардың жеткілікті қоры сақталған. Олардың арасында қызу түсіретін, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, антиаллергиялық, вирусқа қарсы, антигипертензивтік, диабетке қарсы және дәрілік заттардың басқа да топтары бар. Облыста тапшылық байқалмайды.

Сондай-ақ, дәріхана қызметкерлері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жаппай сатып алу байқалмайтынын атап өтті.