Ағымдағы жылдың 3 карашасында «Қазақстан Республикасының діни саладағы заңнамасының өзекті жағдайы» тақырыбындағы семинар өткізлді

Ағымдағы жылдың 3 карашасында «Қазақстан Республикасының діни саладағы заңнамасының өзекті жағдайы» тақырыбындағы семинар өткізлді

2025 жылғы 3 қарашада Департамент пен Діндер арасындағы қатынастарды талдау және дамыту орталығының өкілі, сарапшы-талдаушы Е.О. Березина бірлесіп «Қазақстан Республикасының діни саладағы заңнамасының өзекті жағдайы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар діни саладағы құқықбұзушылық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда: заңсыз миссионерлік қызмет; діни рәсімдерді ғибадат үйлерінен тыс жерде өткізу; діни алауыздықты қоздыру сияқты мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ, баяндамашы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды. Бұл өзгерістер заңсыз миссионерлік қызмет пен діни рәсімдерді ғибадат үйлерінен тыс өткізуге қатысты болды. Департамент қызметкерлеріне діни бірлестіктердің қызмет тәртібі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-анасының бірі немесе өзге де заңды өкілдерінің қарсылығы болған жағдайда олардың діни бірлестіктерге қатысуына тыйым салу тәртібі түсіндірілді. Мұндай фактілер анықталған кезде басшылар тарапынан қабылдануы тиіс қажетті шаралар да қарастырылды.