
2025 жылғы 28 қазан айында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке меншік медициналық ұйымдардың директорларының қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес барысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек (дәрігерге дейінгі), консультативтік-диагностикалық көмек (психиатрия, наркология) көрсету мәселелері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері талқыланды.
Кеңес отырысында медициналық ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптары қарастырылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну қағидаларына сәйкес процедуралық кабинеттердің жұмысын ұйымдастыру мәселелері және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттау, шетелдік мамандарды қоса алғанда, маман сертификатының қолданылуын растау, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған тұлғаның денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаттаудан өту шарттары» қағидаларының ережелері қарастырылды.
Департамент кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің (нысандарының) медициналық қызмет көрсету саласындағы қызметін бақылау және қадағалау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, жоспардан тыс тексерулер жүргізу негіздеріне қатысты түзетулер енгізілгені атап өтілді.
Бүгінгі күні Департамент өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл шаралар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады және адамның өмірі мен денсаулығына залал келтіру немесе келтіру қаупі туындаған нақты фактілер бойынша, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында медициналық қызмет көрсету нәтижесінде өмір мен денсаулыққа зиян келтірілгені туралы нақты фактілер жөнінде дәлелді негіздер мен растайтын айғақтар болған жағдайда уақыт пен орын көрсетіле отырып орындалады.