Меню

Страницы

Статья

Шектеулі бағада

Қазақстанда дәрілік заттың саудалық атауына, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағасы бекітілді.

 

Шекті бағалар 7 мыңнан астам дәрілік препараттар үшін қалыптастырылды.

 

Сонымен қатар, мемлекет басшысының дәрі-дәрмек бағасын төмендету жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында коронавирустық инфекцияны емдеу кезінде қолданылатын 218 дәрілік заттың шекті бағасы төмендетілді.

 

Қазақстанда белгілі болғандай, бағаларды мемлекеттік реттеу ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын қалыптастыру, реттеу қағидаларына сәйкес тіркелген және айналыстағы дәрілік заттарға ғана жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес дәрілік заттарды, сондай-ақ ТМККК және МӘМС шеңберінде босатылатын дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін баға белгілеу тетігі белгіленген.

 

Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағаларын реттеу Сауда атауына бағаларды тіркеуді және қайта тіркеуді, көтерме және бөлшек үстеме бағаларды қалыптастыруды, дәрілердің саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыруды қамтиды.

 

Естеріңізге сала кетейік, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаны арттырғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 

қатар, қазақстандықтар сондай-ақ darikz мобильдік қосымшасының көмегімен дәріханалардағы қандай да бір препараттың құнын өз бетінше бақылай алады, ал бағаларда алшақтықтар анықталған жағдайда арнайы нысанды толтырып, шағым қалдыра алады.

 

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді (2021 жылғы 30 желтоқсан).

 

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100026221

Дата публикации
14 января 2022
Дата обновления
14 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

26 июня 2026
Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын алу тәртібі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
22 августа 2023
Тайынша қаласында кездесу өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы