«Энтерожермина® Форте, ішуге арналған суспензия, 4 млрд/5 мл, 5 мл-ден құтыларда. Картон қорапта 5 немесе 10 құты» дәрілік затының жалған болуы туралы күдікке қатысты ақпарат.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі – қарай Департамент) «STADA Kazakhstan» ЖШС-ның 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 093/26 ақпаратын қарап, мынаны хабарлайды.

 «STADA Kazakhstan» ЖШС-ның ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Опелла Хелскеа Италия С.Р.Л., Италия өндіруші «Энтерожермина® Форте, пероральді қолдануға арналған суспензия, 4 млрд/5мл, 5 мл құтыларда. 5 немесе 10 құтыдан картон қораппшада» № ҚР-ДЗ-5№022999, серия № 4I211, жарамдылық мерзімі - 06/2026 дәрілік заттың сериясы (партиясы) жалған деген күдікпен қарастырылуда.

Жалған болу белгілері (суреті қоса берілген):

  1. GTIN және data-matrix жоқ;
  2. екінші қаптаманың дұрыс емес таңбалануы (мәтін, түс, сурет);
  3. бірінші қаптамада сенімсіз этикетка (түс, мәтін);
  4. бірінші қаптаманың төменгі бөлігінің/бірінші қаптаманың қосылатын элементтерінің пішіні мен геометриясы өзгеше.

Осыған байланысты, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге,медициналық ұйымдарға жоғарыда көрсетілген дәрілік заттар серияларының (партияларының) келіп түюін және бар екенін тексеру жүргізу және Департаментке хабарлау қажет.

Дата публикации
13 апреля 2026