Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі – қарай Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық бюросынан 2026 жылдың 23 наурызындағы № 27-27-27/1-13/188-И ақпаратын қарап, мынаны хабарлайды.
Қолданылған материалдарға сәйкес, Wegovy® таблеткалары АҚШ-та Novo Nordisk кәсіпорындарында өндіріліп, қапталады және тек АҚШ аумағында сатылады. Егер көрсетілген препарат АҚШ-тан тыс жерде табылса, шетелдік тараптың бағалауынша, мұндай өнім заңсыз айналымға шығарылған немесе жалған болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл препаратті интернет ресурстар арқылы ұсыну ықтималдығы туралы хабарлама бар.
Қазақстан Республикасының Дәрілік заттар мен медициналық құралдар мемлекеттік тізілімінде Қазақстан Республикасында Novo Nordisk өндіруші «Wegovy®, таблеткалары» дәрілік заты тіркелмеген.
Осыған байланысты, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге,медициналық ұйымдарға жоғарыда көрсетілген дәрілік заттар серияларының (партияларының) келіп түюін және бар екенін тексеру жүргізу қажет.