Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі – қарай Департамент) ақпараттандыру және шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 2026ж. 20.01. шығ. №24-23-1-2/118-И хатын, сондай-ақ белсенді биологиялық заттардың құрамы бойынша Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы №299 шешімімен бекітілген, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің айналымын анықтау фактілері туралы Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2025ж. 30.12. шығ.№7-6/26367 ақпараттандыру туралы хаттарын жолдаймыз.
- «Д3+К2 дәрумені» ББҚ, капсулада, өндіруші «Биокорд» ЖШҚ, РФ, Самара облысы, Самара қ., Товарная, к-сі, 70 үй, қолдану жөніндегі ұсыныстарға сәйкес тәуліктік дозадағы Д3 дәруменінің (Холекальциферол) мөлшері Д3 дәрумені үшін белгіленген жоғарғы рұқсат етілген деңгейде тұтыну жағдайында, 1 капсулада - 125 мкг құрайды, тәулігіне 15 мкг;
- «БИОТИН» ББҚ, өндіруші «Биокорд» ЖШҚ, РФ, Самара облысы, Самара қ., Товарная к-сі, 70 үй, 17 кеңсе, В7 дәрумені (биотин) тәуліктік дозада, қолдану жөніндегі ұсыныстарға сәйкес, В7 дәрумені (биотин) үшін белгіленген жоғарғы рұқсат етілген деңгейде тұтыну жағдайында, 1 капсулада 5000 мкг құрайды -тәулігіне 150 мкг;
- «Д3 дәрумені» ББҚ, өндіруші «Биокорд» ЖШҚ, РФ, Самара облысы, Самара қ., Товарная к-сі., 70 үй, 17 кеңсе, Д3 дәрумені (Холекальциферол) тәуліктік дозада, қолдану жөніндегі ұсыныстарға сәйкес, Д3 дәрумені үшін белгіленген жоғарғы рұқсат етілген деңгейде тұтыну жағдайында, 1 капсулада 50 мкг құрайды -тәулігіне 15 мкг.